Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да дауға қалды

1410

Ол түнгі сағат 3:00 шамасында қала көшелерінде емін-еркін қыдырып жүр. 

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да дауға қалды Фото: видео скриншот

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімге сотталған ұлының басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шартты мерзімге сотталған Нұрасыл Болатқа пробациялық бақылау туралы бұйрықты бұзды деген айып тағылды. Тұрлыхановтың ұлының шабуылына тап болған адвокат Анна Чернова оның түнде серуендеп жүргені түсірілген видео жариялады. Кадрлардан Нұрасыл Болаттың емін-еркін шылым шегіп тұрғанын байқауға болады. 

Бұған дейін, Жоғарғы сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Демек, ол тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне үнемі есеп беріп тұруы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу