Ол жерде гендерлік бөлу мәселесіне ғылыми тұрғыда қарау керек деп есептейді Сенат депутаты Динар Нөкетаева.
Бұл туралы премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Олимпиадалар мен спорт ойындарда аралас команда жоқ. Осыған байланысты дене шынықтыру мұғалімдері президентке жоғарыда аталған шешімді қайта қарауды сұрап, ашық хат жазды. Кәсіподақ та теріс пікір білдірді", – дейді ол.
Сонымен бірге депутаттың айтуынша, бұл педагогтардың табысының төмендеуіне әкелді.
"Мысалы, дене шынықтыру мұғалімінде аптасына 24-27 сағат жүктеме болса, яғни 1,5-2 ставка, өңірлерде бір ставкаға да толмайтын. Қазір ол тіпті ірі мектептерде 17 сағатқа дейін, яғни бір ставкаға дейін төмендеген. Бұдан былай дене шынықтыру мұғалімдері, үстемеақыны есептемегенде, айына тек 95 мың теңге ғана табады деген сөз. Бұл жағдай мұғалімдерге қосымша жұмыс істеуді қажет етеді", – дейді Динар Нөкетаева.