Депутат денсаулық сақтау министрлігінің әрекетіне қатысты үкіметке хат жолдады

741

Денсаулық сақтау министрлігі тағы сынға ілікті. 

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің әрекетіне қатысты үкіметке хат жолдады

Депутат Азат Перуашев ведомствоның Оралдағы компанияға жасанды тыныс алу аппаратын жеткізуден бас тартқанын айтып, Үкімет басшысына хат жолдады. Оны мәжілісмен өзінің твиттердегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Премьер-министрге жазған хатында: "ОралМедРегион" ЖШС бойынша хат жолдадым. Жасанды тыныс алдыру аппаратының отандық өндірушісі оларды Атырауға жеткізу бойынша келісімге келген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі келісімшартты бұзуды талап етіп отыр, себебі олар жасанды тыныс алдыру аппараттарын Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып алып жатыр. Ал бюджетті үнемдеу мен ұлттық мүдделер қайда қалды?" – деп жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу