Депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтатуды сұрап арыз жазды

418

Ол Республика партиясының теңтөрағасы.

Депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтатуды сұрап арыз жазды Фото: parlam.kz

Мәжіліс Республика партиясының депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігін тоқтату мәселесін қарайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шүкіжанова Орталық сайлау комиссиясына өзінің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап өтініш берген.

"Парламент мәжілісіндегі депутат Д.А.Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Динара Шүкіжанова VIII сайланған мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

"Республика партиясының теңтөрағасы Динара Шүкіжанованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап арыз жазғаны рас. Бұл туралы ертең палатаның жалпы отырысында хабарланады. Алайда ол әлі күнге партияда, партияның теңтөрағасы. Орталық кеңес мүшесі Динара Шүкіжанова партия қызметіне араласып, Қазақстан халқының игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр", - делінген "Республика" партиясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу