"Сағат 23:35-те мен "Эйр Астана" әуе компаниясы арқылы ұшуым керек болатын. Алайда ұшақтың 7 сағат бұрын 16:30-да ұшып кеткені белгілі болды. Мен де, билеттерді сатып алған компания да хабарландыру алған жоқ! Мен Эйр Астанаға қоңырау шалған кезде олар барлық шағымдарды билетті алып сатқан алған компанияға жіберуді ұсынды", – деп жазды депутат.
"Эйр Астана" әуе компаниясының өкілдері ұшақтың уақыты өзгергені туралы алдын ала хабарланғанын алға тартты.
"Ұшу уақытының өзгеруіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз, авиакомпания барлық жолаушыларға өзгерістер туралы SMS хабарлама жібереді", – деп мәлімдеді әуе компаниясының өкілдері.