Депутат: Елге қайтарылған қаржымен жетім балаларды баспанамен қамту керек

500

Петропавлда жетім балаларға арналған мың жарым пәтерді шенеуніктер иеленіп алғаны белгілі болды. 

Депутат: Елге қайтарылған қаржымен жетім балаларды баспанамен қамту керек

Мәжіліс депутаттары елге қайтарылған 670 миллиард теңгемен  жетім балаларды баспанамен қамтуды сұрады.  Қазір,  осы санат бойынша   62 351 отандасымыз үй кезегінде тұр. Ал, мемлекеттің баспанамен қамту көрсеткіші көңіл көншітпейді. Соңғы отыз жылда  ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балалардың  8 жарым мыңы ғана баспаналы болған. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мұндай қарқынмен олар пәтер кезегін  120 күтуіне тура келеді дейді. Есесіне , әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға арналған тұрғын үйлерді мемлекеттік қызметкерлерге заңсыз беру фактілері көбейген. 

"Мәселен, Петропавлда жетім балаларға арналған мың жарым пәтерді шенеуніктер иеленіп алғаны белгілі болды. Мемлекет өз балаларының алдындағы қарызды өтеуі керек. Жетім балалларды тұрғын үй жолдамасы, тікелей баспана, жекешелендіру құқығымен жалға беру әдістері  арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етуді жедел қарастыруды ұсынамыз", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Депутат: Активтерді қайтару процесі ашық жүруі тиіс

Тағы бір мәжіліс депутаты елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару мен  халыққа табыстау ісі ашық  жүрмей отырғанын айтады.  Ермұрат Бапи сәуір айына дейін дайын болуы тиіс заң жобасы әлі жазылмаған дейді. Сондай-ақ, ол Президент пәрменімен құрылған  арнайы комиссияның тарапынан да нақты әрекеттер жоғын  жеткізді.  Халық қалаулылары  ел-жұрт биліктен активтерді қайтару процессінде жылдам әрі батыл қадамдар күтіп жүргенін тағы бір еске салды.  

"Бұл мәселеде біз  президенттің бастамасымен одақтаспыз! Немесе, бұл істе президент бізге  депутаттарға толықтай арқа сүйей алады! Дегенмен, ескі кадрлардың саботажы ма, жоқ әлде ұлттық-экономикалық мүддеге қарсы жасалып отырған қастандық па  капиталды қайтару ісінде түсініксіз кібіртік көп. Егер бірең-сараң бірдеңе істеліп жатса, бұл бізден, қоғамдағы азаматтардан құпия түрде өтуде", - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу