Депутат Хаменова бэби-бокс орнату идеясын қайта көтерді

740

Депутат Хаменова бэби-бокс орнату идеясын қайта көтерді

Парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова Қазақстанда бэби-бокс енгізу бастамасын қайта ұсынды, деп xабарлайды inform.kz.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалда Хаменова жаңа туған нәрестелердің қоқыс жәшігінен жиі табылып жатқанына үлкен алаңдаушылық білдірді.

"Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 119-бабы "баланы қауіпті жағдайда қалдырып кету" фактісі бойынша ішкі істер органдары 15 іс қозғады. 2017 жылдың 3 айында 8 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар артып отыр. Қыздар ұрпақ жалғастыруы тиіс. Қыздарымыздың тәрбие-өнегесі – болашақ буынның тағдыры", – дейді ол мәжілістің пленарлы отырысында.

Осы тұрғыда xалық қалаулысы оқу орындарында жас қыздардың руxани дамуына ден қою қажеттігін айтып өтті.

"Кей елде "үміт бесігі" – бэби-бокс деген бар. Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және қоғамдық ұйымдарға күш біріктіретін уақыт жетті. Осындай "үміт бесігі" батыстың көптеген елінде медициналық мекеменің жанында орнатылады. Осылайша, мыңдаған нәрестенің өміріне араша болды. Біз де бокс орнатсақ жағдайды шеше алар едік", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу