Депутат Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды

522

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Депутат Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды

"Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Күдіктіге 2 ай мерзіміне қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 маусымына дейін", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шыққанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген еді.

Еске сала кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу