Депутат: қаржыны көбірек, өнімді азырақ алатын министрлік жауапқа тартылсын!

680

Қазақстанда елді асыраушы сектор ақсап тұр.

Депутат: қаржыны көбірек, өнімді азырақ алатын министрлік жауапқа тартылсын! Фото: Ашық дереккөзден

"Мәселені шешудің жалғыз жолы бар" деген Рау мырза: "отандық өндірісті дамытып, импортқа тәуелділікті төмендету керек" деп нықтады. Ал әріптесі депутат Егізбаевтің айтуынша, Қарашөкеев бастаған топ елдегі өндірісті емес, импортты субсидиялап отыр. Ведомствоның қызметіне шүйліккен ол ауыл шаруашылығы министрлігін жазалау қажеттігін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстанда елді асыраушы сектор ақсап тұр. Бүгінгі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында осылай деген депутаттар ауылшаруашылығы саласындағы қордаланған күрделі мәселелерді көтерді. Комитет өкілдері ауылшаруашылығы минисртрлігінің берген мәлеметтері қазіргі жағдаймен сәйкес келмейді дейді. Агросала дайын өнімге де шикізатқа да тәуелді.  Ал, бұл олқылықты реттеуі тиіс министрлік тіпті субсидияны сырт елдің тауарына төлеп отыр деп налыды, депутат.  

"Өткен жылы  3,6 млрд көлемінде субсидия игерілді.  Ағымдағы жылы тағы 14 млрд тан астам теңге бөлінді. Алалйда осындай қомақты мемлекеттік қолдауға қарамастан даму үрдісі теріс динамиканы көрсетіп отыр. Егер 2020 жылы отандық шикізат негізінде ішкі сұраныстың 9 пайызы ғана қамтамасыз етілсе", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу