Депутат 100 млрд теңгені қазақстандықтарға таратып беруді ұсынды

1509

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың пікірінше, қымбатшылық кезінде халықты осылай қолдау керек. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Депутат 100 млрд теңгені қазақстандықтарға таратып беруді ұсынды

– Бағаның өсуін тежеу ​​үшін үкімет 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Оның 81 млрд теңгесі сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіруге, тағы 16,8 млрд теңге тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жұмсалды. Ал бұдан ешқандай әсер жоқ – баға өсті.

Сондықтан ақшаны сауда желілеріне емес, тікелей халыққа таратқан дұрыс. Бізде 1 млн-ға жуық кедей бар. Бағаның өсуінен олар ең көп зардап шегеді. Бағаның өсуін тоқтата алмасаңыз, халықты тікелей қолдаңыз, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы субсидия беріңіз.

Бұл ақшаны сауда желілеріне таратқаннан гөрі пайдалырақ болатынына сенімдімін, – деді Жамалов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу