Депутат Қазақстанның жолдарын Кениямен салыстырды

Себебі Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде еліміз аталған мемлекеттен төмен орналасқан.  

Депутат Қазақстанның жолдарын Кениямен салыстырды Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат бұл ретте Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингін мысалға алды. Тізімде Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93-орында.

"Бұл рейтингте Кения мен Танзания сияқты елдер бізден жоғары тұр... Битум мәселесі әбден жауыр болған тақырып. Отандық кәсіпорындар құрылысшыларды битуммен әрең қамтып отыр, сонымен қатар оның сапасы біздің табиғи-климаттық жағдайларымыз үшін әзірленген ұлттық талаптарына сай келмейді", – деді Рау.

Комитет басшысының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық сапа орталығы республикалық маңызы бар жолдарда битумының 1400-ден астам сынамасын тексерген. Нәтижесінде, оның 21%-ы талаптарға сай келмей шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу