Республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Референдумға қатысты комиссияның төңірегінде тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар. Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен, сіздер білетіндей, референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек. Сондықтан референдум атауының нысанын "халықтың бірлігі референдум өткізудің негізгі талабы" деп өзгерту керек. Осыған байланысты атауын республикалық референдум орнына халықтық ұлттық референдум, жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады", – деді депутат.
Оның айтуынша, Конституция деңгейінде зияткерлік меншік, авторлық құқық, патенттер, ғылыми жаңалықтар мен техникалық шешімдер құқығын қорғау мемлекет осы конституциялық өзгерістерге сәйкес, өз мойнына алады.
"Келесі мәселе – бір азаматтың сөз еркіндігі басқа адамның құқығын бұзбауы керек. Бұл да бірнеше рет талқыланып жатыр. Біз енді арнайы қосымша жасап жатырмыз. Сөз еркіндігі, ой еркіндігі Конституцияда бар. Ол қалады. Цензура шектеледі. Дегенмен де, қазір әртүрлі жағдайды байқап отырмыз. Әсіресе, интернет арқылы азаматтар басқа азаматтар туралы кейбір кезде жалған, кейде намысына тиетін ақпарат тарату жағдайлары кездеседі. Соның алдын алу үшін алдағы кезекте еуропалық тәжірибені қарастырдық. Ол жерлерде де бар. Сөз бостандығы жалпы адамның ой бостандығымен бірдей, бірақ адамның өз еркі, сөз бостандығы басқа адамдарға зиян тигізбеуі керек. Сол себептен біз оны нақтылап көрсетіп жатырмыз. Мұнда сен таратқан ақпарат басқа адамдарға зиян тигізбеуі керек деген қағида", – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.
Айта кету керек, бұған дейін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткенін жазғанбыз.