Депутат: "Көп балалы аналарға тісін жөндетуге бір реттік қаржылық төлем беру қажет"

445

Төменгі палата өкілі Ерлан Саиров ана денсаулығын түзеу - ұлт болашағына жасалған қамқорлық деп есептейді. 

Депутат: "Көп балалы аналарға тісін жөндетуге бір реттік қаржылық төлем беру қажет" Фото: Inbusiness.kz

"Елімізде бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері 1-3 балаға 140 теңге, төрт, одан көп балаға 232 мың теңгені құрайды.  Бірақ, шынына келсек, бұл - әйелге өтемақы емес, баланың күтіміне берілетін сома. Ал, Ресейдің ана капиталының сомасы бірінші балаға 639 мың рубль, 3 млн  195 мың теңге, екінші балаға 883 мың рубль 7-млн теңгеге тең. Біздің өтемақымен салыстыруға келе ме?", - деді Ерлан Саиров сәрсенбіде өткен мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжілісмен Қазақстанда демографияны дамыту үшін ана капиталын жасақтауды ұсынды.

"Ана бала көтергенде, құрсақта баланың қалыптасуына кальцийді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны медициналық факт. Көп балалы атанған 543 мың әйелдің барлығының басында проблема бар. Ол - тістің түсуі. Қазақстандағы стоматологияның бағасының күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан, бірінші кезекте көп балалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет. Бала тапқан әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіріп, ұстап отырудың мемлекеттік стандарттары қажет", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу