Депутат "күмәнді" деп атаған бұйрық өзгертіледі

2180

Баланың білім алу хақын шектейтін бұйрық өзгертілетін болды.

Депутат "күмәнді" деп атаған бұйрық өзгертіледі Фото: inbusiness.kz

Атап айтқанда, 1-сыныпқа құжат қабылдауға байланысты жаңашылдық енгізілмек. Өйткені, депутаттар сессияның соңғы отырысында осы мәселені көтерген. Мәжілісмендер сәуір мен 1 тамыз аралығында ғана өтініш беруді  баланың конституциялық құқығын шектеу, деп бағалаған еді.

"Егер ата-анасы баласын заңға, Конституцияға сүйеніп 1 тамыздан кейін мектепке әкелсе, онда мектептің қабылдауға құқы жоқ. Сонда бұйрықты орындау үшін баланы оқытпау керек пе? Мектептер күмәнді нормаларды бұза отырып оқушыларды қабылдауға мәжбүр", - деген еді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері "бұл бағытта ешқандай түйткіл жоқ" дейді. Белгіленген мерзімнен кешігетіндер жоқ екен. Қазірдің өзінде ата-аналардың 80 пайызға жуығы өтініш беріп үлгеріпті. 2018 жылғы 564-ші бұйрығындағы 1 тамызға дейін деген меже  жаңа оқу жылына мектептердің бюджетін бөлу үшін қажет көрінеді. Министрлік мамандары келер оқу жылынан бастап баланы мектепке беру туралы өтінішті электронды қабылдаймыз, деп отыр. Яғни, ата-аналар қажет білім ордасына бармай-ақ, балабақшаға орын алғандай онлайн түрде таңдау жасай алады. Ал, құжат тапсыру мерзіміне байланысты нақты шешім жоқ. Депутаттар көтерген тағы бір мәселе оқушылардың басқа мектепке тек каникул уақытында ғана ауысуына рұқсат берілетіні еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу