Депутат ЛГБТ насихатына қарсы екенін айтты

139

Күні кеше Мәжілісте жұмыс тобының отырысы өтті.

Депутат ЛГБТ насихатына қарсы екенін айтты Фото: 365info.kz

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева ЛГБТ насихатына тыйым салатын нормаларды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желіде ЛГБТ қарым-қатынасын қалыпты деп насихаттайтын видеоларды кездестіруге болады.

"Бірақ егер біз бұл әрекетке тоқтау қоймасақ, Батыста немесе басқа жерлердегідей, баланың туған кездегі жынысы көрсетілмей, кейін өзі таңдайтын жағдайға жетеміз", – деп ойлайды Дементьева.

Айта кету керек, бұған дейін депутат кітаптарда ЛГБТ қалай насихатталып жатқанын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу