Депутат лоббистік қызметті заң арқылы реттеуді ұсынды

626

Мәжіліс өкілі шенеуніктердің компаниялардың мүддесіне не үшін жұмыс істейтінін айтты.

Депутат лоббистік қызметті заң арқылы реттеуді ұсынды

Шенеуніктер жеке лоббиға жиі жегіледі. Бұл туралы Бақытбек Смағұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпарат алаңында берген сұхбатында айтты. 

"Мысалы, бір шенеунік лауазымды қызметке тұрды дейік. Билік қолында тұрғанда бір компанияға әрқашан қолдау жасайды. Бюджет қаражатын жымқырып, жылдар бойы сол компанияға лобби жасайды. Кейін жасаған жақсылығы үшін сол компанияның бір жұмсақ орнына қонжиып отыруы мүмкін. Осындай мәселелер бар. Қазақстанда осы бір лоббистік қызметті реттейтін заң керек деп санаймын. Ол заң болашақта биліктегілердің адалдығын арттыратын, әлдебір  компаниялардың мүдделерін ілгерілетуге тосқауыл қоятын, адал бәсекелестікті қамтамасыз етіп, бизнестің бірдей гүлденуіне жол ашатын заң болуы керек", – деді депутат.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу