Депутат маркетинг шығындарын субсидиялауды ұсынды

902

Соңғы 5 жылда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының саны екі есе азайған. 

Депутат маркетинг шығындарын субсидиялауды ұсынды

Мәжілістің жалпы отырсында депутат Дания Еспаева жеңіл өнеркәсіп саласының проблемаларын көтерді, – деп хабарлайды Inbusiness.kz. Депутаттың бұл проблеманы Мәжіліс алаңына шығаруына саладағы кәсіпорын иелерінің шағымы түрткі болыпты. 

"Ақжол" фракциясына жеңіл өнәркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы саладағы проблемалық мәселелер бойынша өтініш жолдады. Соңғы 5 жылда саладағы кәсіпорындардың 40 пайыздан астамы өз қызметін тоқтатты. Жұмыс істеп жатқандарының саны саны 25 мыңнан 13 мыңға дейін қысқарды. Кеңес заманында  Қазақстанда бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны  703 мыңға дейін жеткен болатын",  деген депутат бұл олқылықты негізгі себебі – саланы дамыту туралы мемлекеттік стратегияның болмауы деген пікір айтты. 

"Осыған байланысты "Ақжол" фракциясы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау үшін мынадай ұсыныстар жасайды. Отандық тауарларды маркетингпен алға жылжыту және жалға алу ақысы бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуді, дүкен сөрелерінде Қазақстанда өндірілген жеңіл өнеркәсіп тауарларының үлесі кемінде 30-35 пайыз болуын қамтамасыз етуді, Ресей заңнамасындағы сияқты мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстанда өнідірісі бар тауарлардың ең аз үлесін белгілеуді, Қазақстанда өндірілмейтін шикізат пен жиынтықтауыштарды кедендік баждардан босатуды, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 3 пайыз мөлшердегі қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемесін бекітуді сұраймыз",  депутат.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу