Депутат мектептердегі қауіпсіздік деңгейін сынға алды

733

Андрей Линниктің айтуынша, бүгінде білім ордаларына кез-келген адам еш қиындықсыз кіріп-шыға алады. Тіпті арам пиғылды біреу келсе, оған төтеп берер күзетші жоқ. Себебі олардың көбі зейнет жасына шыққан азаматтар.

Депутат мектептердегі қауіпсіздік деңгейін сынға алды

Осы тұста мәжілісмен Үкімет мектептерге қарағанда мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігіне аса мән бергенін мысал етіп, онда оңайлықпен кіру мүмкін еместігін айтты. Бірақ білім ордалары да заң бойынша террористік шабуылға қорғанысы осал топтағы нысандар тізіміне жатады. Дейтұрғанмен, 3 мың оқушыға дейінгі мектептер бейнебақылау камераларымен ғана қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл қауіпсіздік үшін жеткіліксіз деген депутат, азаматтардың қару ұстау тәртібін қайта қарау керектігін баса айтты. Толығырақ Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу