Депутат митинг кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдік сұрайды

955

Мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали митинг кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің мәселесін көтерді. Ол елдегі наразылық акциясын "Тәуелсіздік тарихында бұрын-соңды болмаған, адам шығыны көп қайғылы оқиға" деп атап өтті.

Депутат митинг кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдік сұрайды

"Кәсіпкерлер шығынға батты. Мысалы, ALSER, "Белый Ветер", Sulpak Mi.com.kz Satel және басқа да дүкендер желілерін банктердегі қарыздарын қалай жабатыны, салықтар, жеткізушілер және сақтандыру полюсі мәселелері алаңдатады. Сауда үйлерінің иелері мен ғимаратты жалға алып отырғандар кәсіпкерлік қызметін қалпына келтіруге ұмтылады. Алайда ғимараттың инфрақұрылымы (электр кабельдері, су құбыры) зақымдалды, қалпына келтіру оңай емес", – дейді депутат.

Алдын ала есептеулерге сай, кәсіпкерлер шығыны жүздеген мыңнан бірнеше миллиард теңгеге дейін жалғасып кете береді.

"Ешкім бизнесін қалай сақтап қалатынын түсініп отырған жоқ. Иә, мерзімі өткен несиелерге банктер кешіріммен қарайтыны айтылды. Бірақ төтенше жағдай бітсе де, ешкім кәсібін қалпына келтіріп үлгермеді", – деген ол премьер-министрге арнаған ұсыныстарын тізіп шықты:

1. Барлық несиені 90 күнге кейінге қалдыру;
2. Салықты кейінге қалдыру;
3. Зардап шеккен үй-жайлар мен тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге пайызсыз несиелер беру туралы мәселені пысықтау;
4. Сақтандыру компанияларымен дау болғанда бас прокуратура мен қаржы нарықтарын реттеу жөніндегі агенттіктің кәсіпкерлерді қорғауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу