Депутат отандық өндірушілерді қолдауға шақырды

774

Бүгінде тауарлардағы жергілікті қамту үлесі 10-12% -дан аспайды.  

Депутат отандық өндірушілерді қолдауға шақырды

Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған Мейрам Пішембаев тауарлардағы жергілікті қамту үлесі 10-12% -дан аспайтынын айтты. Оның сөзінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық өндірушілер мен жер қойнауын пайданушылар үшін сатып алудағы жеңілдіктер де жойылмақ. 

"Келесі жылдан бастап тауарларға 0%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерге 50%-дан аспайтын, кадрларға 50%-дан аспайтын шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар отандық өндірушілер үшін тендерлерді өткізу кезінде 20% шартты жеңілдік беру нормасы, қазақстандық өндірушілерден бір көзден тауарларды сатып алу құқығы және тапсырыс берушілердің тауарлардағы жергілікті қамтудың міндетті үлесін талап ету мүмкіндігі алынып тасталады",– деді Мейрам Пішембаев.

Депутат мұның барлығы 2015 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кірген сәтінен бастап жергілікті қамту үлесінің төмендеуі аясында болып жатқанын айтады. Оның мәліметінше, 2014-2019 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 12%-ға, яғни, 63%-дан 51%-ға дейін төмендеген. 

"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі" электрондық алаңында тіркелген ондаған мың қазақстандық компаниялар мен жеке кәсіпкерлер ішкі нарықтан ығыстыру қаупі алдында тұр",  деген депутат Үкіметті дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жағдайында қолданыстағы шараларды сақтау мәселесін қарауға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдаудың балама тетіктерін қарастыруға шақырды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу