Депутат отбасылық агрессорлардың реестрін әзірлеуді ұсынды

486

Депутат қолданыстағы ҚР Қылмыстық Кодексіне тиісті түзетулер енгізілуі қажет екенін айтты.

Депутат отбасылық агрессорлардың реестрін әзірлеуді ұсынды Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отбасылық агрессорлардың тізімін әзірлеуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ол бұл мәселеде жауапкершілікті күшейту идеясын қолдайтынын жеткізді. Депутат қолданыстағы ҚР Қылмыстық Кодексіне тиісті түзетулер енгізілуі қажет екенін айтты.

"Елімізде көптеген реестр бар. Мәселен, несиесін өтей алмаған адам несиелік базаға кіреді. Сәйкесінше ол несие ала алмайтын болады. Жер кодексінде де солай. Жер учаскесін 5 жыл ішінде пайдаланбағандар реестрге түседі. Оның да өз әсері бар. Алимент төлеуден жалтарып жүргендер де реестрге енеді. Бас прокуратурада педофилдердің тізімі бар. Осы тұста неге отбасының берекесін қашыратындардың реестрін жасамасқа? Бұл күшті механизм. Бұл реестр неге жұмыс істейтін болады? Себебі отбасылық зорлық-зомбылық дегеніміз тек әкенің анаға және балаларына жасаған зорлық-зомбылығы ғана емес, оған азаматтық некедегі жайттарды да жатқызуға болады. Мәселен, ажырасқан әйел жас жігітпен танысып, көңіл қосады. Артынша бұл жігіт әйелге және оның баласына қысым көрсетеді. Егер осындай реестр жасайтын болсақ, бұл жігіттерге әсер етеді", - деді деді ол Мәжілістің комитет отырысында.

Халық қалаулысының сөзінше, мұндай тізімге енгендер бұл реестрден шығу үшін барын салатын болады. 

"Егер де оны абьюзер ретінде реестрге 10 жылға кіргізетін болсақ, ол бұл реестрден шыға алмайды, ол қайткенде де үйленуге тырысады. Ал адамдар реестрге қарайтын болады. Отбасылық абьюзердің психотипіне қысым келтіретін механимздерді іздеу қажет", - деп нақтылады Бақытжан Базарбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу