Депутат "полигон" сөзінің орынсыз қолданылуына шүйлікті

380

Мәжілісте тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр. 

Депутат "полигон" сөзінің орынсыз қолданылуына шүйлікті Фото: azattyq-ruhy.kz

Депутат Еділ Жаңбыршин "полигон" терминінің орынсыз қолданылуына шүйлікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Полигон деген сөзден кетуіміз керек сияқты. Бұл дұрыс емес. Полигон деген гректің сөзінен алынған. Сынақ жасайтын, көпбұрышты қала деген сөз ғой. Кезінде әскерилер мұны сынақ алаңы есебінде қолданған термин. Бізде бұл сөзді барлық жерге кіргізіп қойғанбыз. (Тұрмыстық қалдықтарды) апарып бәрін көміп жатырмыз. Жалпы менің түсінігімде бұл өңдеу орталығы болуы керек. Комбинат болуы керек. Ет комбинат деп жүрміз ғой. Сол сияқты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін бір орталық болуы керек. Сондықтан осы мәселені де сіздермен ақылдасқанды көріп отырмын", - деді мәжілісмен.

Айта кету керек, осыған дейін әр қазақстандық жылына 210-215 келі тұрмыстық қалдық тастайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу