Депутат ресейлік нөмірлі көліктерге қатысты мәселенің ушығуына кімдердің себепкер болғанын атады

1339

Бүгін Мәжілісте осы ресейлік нөмірлі көліктерге қатысты мәселенің ушығуына кімдердің себепкер болғанын атады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Депутат ресейлік нөмірлі көліктерге қатысты мәселенің ушығуына кімдердің себепкер болғанын атады

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың пайымынша, олқылық Ішкі істер министрлігі тарапынан кеткен. Ондағы шенділер халыққа түсіндіру жұмыстарын жөнді жүргізе алмаған. Салдарынан, елде көрші елдің темір тұлпарлары қаптап кетті. Ұзын саны 200 мыңнан асады. Ішінде заңды да, заңсыз да жүргендері бар. Бірақ "заңды білмеу бұл заңнан жалтаруға мүмкіндік бермейді", –дейді депутат.

Жүргізушілердің уәжін тыңдаған мәжілісмен қазір проблеманы шешу үшін құрылған бастамашыл топ жұмысқа кіріскенін және салаға жауапты органға арнайы қызметтік хат дайындағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу