Депутат шетелдіктерге тұрмысқа шығатындарға салық салуды ұсынды

Қарақат Әбден бұл бастаманы президенттікке кандидат кезінде көтерген болатын.

Депутат шетелдіктерге тұрмысқа шығатындарға салық салуды ұсынды Фото: Balbal.kz

Мәжіліс депутаты және экс-президенттікке кандидат Қарақат Әбден елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысын жеткізді. 

"Менің айтқанымның бәрі, менің барлық идеяларым, айналысқан барлық мәселелерім, олар менің кейінгі қызметімде жалғасын табады. Қазір айтып отырғандарымды әлі түсіндіру керек"  – деді Әбден тілшілер сауалына жауап бере келе.

Бұған дейін Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға салық енгізуді президенттікке кандидат кезінде ұсынған болатын. Енді ол өз бастамасын жүзеге асырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу