Депутат: Тасқынның алдын алуға экономикалық жағдайымыз жетпейді

740

Төтенше жағдай министрлігі су тасу қатері бар елді мекендерді алдын ала жариялайды. Соған қарамастан ауылдарды жылда су басады. Құзырлы органдар өткеннен сабақ алмай ма?

Депутат: Тасқынның алдын алуға экономикалық жағдайымыз жетпейді

Мәжіліс кулуарында депутат, төменгі палатаның аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Бекқали Торғаев журналистерге осыған қатысты пікірін айтты.

"Төтенше жағдай министрлігі мен әкімдіктер мониторинг жүргізеді. Қол қусырып отырған жоқ. Бірақ су тасуын болғызбауға экономикалық жағдайымыз жетпейді. Барлық жағалауға темір, бетон қоя алмаймыз. Есепте жоқ өзен-көлдер бар, бір жерді жырып, ауылға кіріп кетеді. Соларға анализ жүргізу керек деп ойлаймын. Ал қазіргі су тасып жатқан аймақтарда нақты қандай себеп болғанын жауапты мекемелер айта жатар", – дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу