Депутат Зағипа Балиева тағы 5 бала асырап алатынын айтты

1452

Депутат Зағипа Балиева тағы 5 бала асырап алатынын айтты

Мәжіліс депутаты, ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева жұбайы екеуі 3 бала асырап алған. Алдағы уақытта тағы 5 баланы бауырына басуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Республикалық әкелер форумында тілге тиек етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Статистикалық мәліметтер бойынша елімізде 5,5 млн астам бала бар. Олардың 29 мыңы жетім. Соңғы жылдары елімізде 21 мың бүлдіршін өзіне отбасын тапты. Елімізде жетімдер саны азайып келе жатқанымен, оларды асырап алғысы келетіндер көбеймей тұр.

"Бала деген – өмірдің гүлі. Көз қуанышымыз, көңіл жұбанышымыз да солар. Қазіргі таңда бүкіл әлемде жетім балалар жағдайы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Жұбайымыз екеуіміз балалар үйінен 3 бала асырап алдық. Кейбіреулер өз кіндігінен сәби сүйе алмағандықтан асырап алса, біздің өзіміз дүниеге әкелген 3 баламыз бар, қазір 6 баланы бауырымызға басып отырмыз. Ешкімді бөле-жарып қарамаймыз. Алдағы уақытта тағы 5 бала асырап алсақ деген ойымыз бар. Қазақ жетім-жесірін жылатпаған халық. Ендеше біздің ісіміз барлық отбасыға үлгі болса екен", – дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу