Депутат зейнетке шығу жасын азайтуды ұсынды

970

Зейнетке шығу уақытын 60 жасқа азайту керек! Бұл ерлер мен әйелдерге бірдей болуы тиіс!  

Депутат зейнетке шығу жасын азайтуды ұсынды

Қазақстан Халық партиясының депутаттары осылай деп Асқар Маминге сауал жолдады, деп хабарлайды Atameken Business.

 Александр Милютиннің айтуынша, жалақы жеткіліксіз, жастар жұмыссыз жүргенде зейнет жасын ұлғайту туралы айту – орынсыз. Керісінше, зейнетақы мөлшері орташа айлық жалақымен теңестіріліп, жыл сайын индекстелуі тиіс, - деп санайды. Есте болса, бұған дейін партия төрағасы Қоңыров та осы мәселені көтерген еді. Қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын 60-қа дейін төмендету арқылы  вирус қаупі аймағындағыларды қатерден сақтап әрі еңбек нарығындағы ахуалды дұрыстауға болады деген пікірін білдірген-ді. Алайда, депутаттың ұсынысы Үкіметтен қолдау таппады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу