Депутат жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік картасын беруді ұсынды

979

Бұл – депутат Аманжан Жамаловтың ұсынысы.  

Депутат жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік картасын беруді ұсынды

"Көп адам азық-түлік карталарын беру КСРО-ға қайтып оралумен тең деуі мүкін, бірақ ол АҚШ сынды озық елдерде де әлеуметтік қолдаудың маңызды құралы саналады. Ресейде де кедей топтарға талон енгізу пысықталып жатыр", – дейді Жамалов.

Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, былтыр қырыққабат 35%-ға, күнбағыс майы 30%-ға, сәбіз 26%-ға, тауық еті 19%-ға, картоп 19%-ға қымбаттады. 

"Бағаның өсуі ең алдымен табысы төмен отбасыларға ауыр соққы болды. Статистикаға сәйкес, отбасылық табыс әр адамға 25 мың теңгеден төмен келетіндер "аз қамтылған отбасы" қатарына жатады", – деді Жамалов мәжіліс отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу