Жалақының аздығы колледждерге маман тартуға кедергі болуда

824

Жалақының аздығы колледждерге маман тартуға кедергі болуда

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Әбдіманап Бектұрғанов кәсіптік-техникалық білім беру саласының кейбір проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутаттардың сауалы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жолданды. Сауалда кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы түйткілді мәселелер қозғалған. Мәжілісмен Бектұрғанов жалақының аздығынан колледждерге тәжірибелі оқытушылар тарту қиынға соғып отырғанын айтты. 

"Қазіргі уақыта кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында инженерлік-педагогикалық кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы байқалады. Біліктілік санатына қосымша ақы берілмейтіндіктен, жалақы деңгейінің төмендігі тәжірибелі оқытушыларды тартуға мүмкіндік бермей отыр. Оқытушылардың айлығы 68 мың теңге, ал еңбек өтілі 25 жылды құрайтын мұғалімдер 82 мың теңгеге дейін ғана алады. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатынын білеміз. Алайда жоғары және бірінші біліктілік санаты бар колледж мұғалімдеріне білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 27 қаңтарындағы бұйрығына қарамастан, қосымша ақы төленбейді. Білім және ғылым министрлігіне барлық жергілікті атқарушы органның осы бұйрықты орындауын бақылауға алуды ұсынамыз", — деді депутат.

Бектұрғанов, сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытушылардың беделін көтеру үшін ұстаздардың біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау курстарының деңгейлік бағдарламаларын ұйымдастыруды және енгізуді ұсынды.

"Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес, деңгейлік курстарға қосымша ақы төлеуді енгізу қажет деп есептейміз. Себебі мектептерде бұл бар, ал колледжерде жоқ", — деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу