Депутат: Жаңа ережелер алынбаса айырбас пунктері көлеңкелі нарыққа көшеді

940

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова былтырғы сәуірде Ұлттық банк қабылдаған ережелерді қайта қарауды ұсынды.  

Депутат: Жаңа ережелер алынбаса айырбас пунктері көлеңкелі нарыққа көшеді

Ал ақша айырбастау пунктеріне қатысты жаңа ережелер алынбаса, көбі көлеңкелі нарыққа кетеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Еске салсақ, алдағы ақпанның бірінен бастап күшіне енетін құжатқа сәйкес, қалалардағы  айырбас пунктерінің жарғылық капиталы 100 млн теңгеден, ауылдарда 50 млн теңгеден кем болмауы керек. Бұрын міндетті капиталдың мөлшері шаһарларда 30 млн, елдімекендерде 10 млн теңге болған.

Сондай-ақ, депутат валюта айырбастайтын орындардың жұмыс уақытын шектеуге де наразы. Жаңа ереже бойынша олар таңғы 9-дан кешкі 20:00-ге дейін, ал ірі сауда орталықтарында 22:00-ге дейін қызмет етуге құқылы. Бұл санатқа тек теміржол бекеті, әуежай, казино мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы автокөлік өткізу пунктеріндегі субъектілер ғана кірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу