Депутат жемқор шенеуніктерге шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды

417

Бұл норма жазасын өтеп келген шенділерге де қатысты болуы тиіс, дейді ол. 

Депутат жемқор шенеуніктерге шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды Фото: Мәжіліс

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев жемқорларға шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Капиталды қайтару бойынша жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, ең тиімдісі шетелге шығуға тыйым салу. Кейде ірі жемқорлар оффшорлық аймақтарға ақшаны шығарып, содан кейін жасырады және кейін оларды табу мүмкін болмай жатады. Кейде құқық қорғау органдарымыз олардың қолында қанша қаражат барын, қайда екенін білмейді. Бұл мырзаларға қандай да бір мерзім берілуі мүмкін, содан кейін мерзімінен бұрын шартты босатылып жатады немесе мерзімін айыппұлға ауыстыру арқылы шығады. Олар өмірінде тірнектеп жинамаған миллиардтаған қаражат үшін шетелге кетеді. Себебі ақшаны қайтарғысы келеді. Сондықтан да біз тіпті мерзімін өтеген жемқорларға шетелге шығуға тыйым салуды ұсынамыз. Егер олар осында тұруға мәжбүр болса, онда бұл ақшаны елге қайтарады", – деді депутат.

Перуашевтың сөзінше, мемлекеттік органдар бұл түзетуді қолдамай отыр.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексі аясында жүріп жатқан басқа заң жобасы аясында бұл нормалар Үкіметтің оң қорытындысын алды. Бірақ Әділет министрлігі сияқты басқа да мемлекеттік органдар қарсы болды, салдарынан жұмыс тобы бұл норманы қабылдауды кейінге шегерді. Егер бұл заң жобаңызға осы түзетуді енгізетін болсақ, оны қолдауға дайынсыз ба?", – деді депутат.

Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов бұл өзекті мәселе екенін жасырмады. Айтуынша, активтерді қайтару жөніндегі комитет жұмыс істеп тұр, бірқатар қаражат қайтарылды. 

"Бұл мәселені пысықтап көрейік. Кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс пен ұрлық сатқындық ретінде қарастырылуы тиіс. Біз осы нормалардың барлығын қарастыруымыз қажет, Қолдау болған жағдайда, біз оны енгіземіз", – деп қысқа қайырды агенттік өкілі.

Мәжілісмен бұл жауапқа қанағаттанбағанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу