Депутаттар 1 шілдеден бастап екі айға жазғы демалысқа шығады

294

Парламенттік каникул 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Депутаттар 1 шілдеден бастап екі айға жазғы демалысқа шығады Фото: parlam.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары бірлескен отырысында 8-ші сайланған ҚР Парламентінің 2-сессиясының жұмысы аяқталды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Отырыста тиісті қаулы қабылданды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 2 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы жабық деп есептелсін.
 
2. 2024 жылғы 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін парламенттік демалыс жариялансын", — делінген Қаулы мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу