Депутаттар 4 жаңа заң жобасын қабылдады

Депутаттар заң жобаларына бірауыздан басым дауыс берген. 

Депутаттар 4 жаңа заң жобасын қабылдады Фото: gov.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутаттар мәжілісте "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға Парламент Сенаты ұсынған жаңа редакцияны қарады. Мәжіліс комитеттері 4 жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. 
Олар: 

  • 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
  • Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы; 
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағының Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы; 
  • Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары.

Депутатар жаңа заң жобасын бірауыздан қолдап, басым дауыс берді. 

Мәжілістің жалпы отырысы жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу