Депутаттар алдағы демалыс күндері Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жұмыс істейді

1219

Депутаттар алдағы демалыс күндері Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жұмыс істейді

Қазақстан депутаттары алдағы демалыс күндері Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жұмыс істемек, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Қазақстан парламентінің депутаттары демалыс күндері "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымға дайындамақ, деп мәлімдеді мәжілісмен Нұрлан Әбдіров.

"Депутаттар сенбі және жексенбі күндері екінші оқылымға заң жобасына енгізуге ұсынылған ұсыныстар бойынша жұмыс істейді", - деп мәлімдеді ол журналистерге парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Оның айтуынша, барлық тілек білдіруші сенбі күнгі сағат 14:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) өз ұсынысын бірлескен комиссияға жазбаша түрде енгізуі тиіс.

Заң жобасы дүйсенбі күні 6 наурызда екінші оқылымда талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу