Депутаттар ант қабылдады

1194

Депутаттар ант қабылдады

Астанада ҚР парламенті мәжіліс палатасының жалпы отырысы өтіп жатыр. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Серік Сәпиев пен Альберт Рау Астанадағы жалпы отырыста ант қабылдады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан республикасының біртұтатстығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, мойныма артылған депутат міндетін адал ниетпен орындауға ант етемін", — деді ҚР паралментінің алтыншы рет шақырылған мәжілісінің үшінші сессиясының депутаттары.

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ақпан айының соңында Мұхтар Тінікеев қызметінен кеткен соң, депутат қызметіне кіріскен болатын. Ал бұдан бұрын Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған Альберт Рау биыл наурызда депутат болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу