Депутаттар "АрселорМиттал Теміртау" топ-менеджментіне қатысты шара қабылдауды сұрап отыр

538

"АрселорМиттал" бұдан әрі де заң талаптары мен алған міндеттемелерін орындағысы келмесе Үкімет меншік иесін ауыстыру мәселесімен айналыса бастауы керек". 

Депутаттар "АрселорМиттал Теміртау" топ-менеджментіне қатысты шара қабылдауды сұрап отыр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "AMANAT" фракциясы атынан Премьер-министр Әлихан Смаиловтың атына сауал жолдаған Юрий Жулин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"АрселорМиттал Теміртау" шахталарында апаттың болуы қалыпты жағдайға айналды деген депутат, осы жылдар ішінде тек шахталарда ғана 100 шахтердің опат болғанын еске салды. Оның айтуынша, кәсіпорынға жүргізілген тексерулер барысында жүздеген, мыңдаған бұзушылықтар анықталады. Ал, қайғылы жағдай өндірістік қауіпсіздік талаптарын елемеудің салдарынан ғана болып жатады.

Юрий Жулин, "бұл инвестордың алдында мемлекет пен біздің азаматтардың ешбір міндеттемесі жоқ",-деп мәлімдеді.

"Тәуелсіздіктің алғашқы күрделі жылдары ол "Карметкомбинат" пен шахталарды иеленді және осы уақытқа дейін жұмысын жүргізіп келді. Алайда кәсіпорынға кеткен шығынын модернизация, әлеуметтік міндеттеме, жұмысшылардың еңбекақысынан үнемдеу арқылы миллиардтаған долларлап өтеп алды. Егер металлург немесе шахтер 50 жасына дейін өзіне лайықты зейнетақы қорын жинай алмаса, ол қандай еңбекақы болды!  Құрал-жабдықтардың жағдайының нашарлығы, апаттың жиі болатыны және жұмысшылардың жарақат алуы туралы тіпті айтудың да қажеті жоқ. Бүкіл ел бойынша өндірістегі өлім көрсеткіші төмендесе "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында артып бара жатыр",-деді Юрий Жулин.

Депутаттың мәліметінше, компания табысының еселеп артуына мемлекет тарапынан салықтық жеңілдік және өзге де артықшылықтар түрінде жасалатын қолдау да ықпал етті. Оның дерегінше, тек 2014-15жж мемлекеттік қолдау көлемі 50 млн доллар болған.

"Ұлттық ресурстарды, бастысы біздің азаматтарымызды аяусыз, іс жүзінде отаршылықпен қолдану, Мемлекет басшысы айтатын әділетті экономика принциптерімен мүлдем сәйкес келмейді. Кез-келген мемлекетте инвестордың мұндай әрекеті келісім-шартты бұзуға дейінгі шешуші әрекеттерге заңды негіз болар еді",-деді Юрий Жулин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу