Бүгін палатаның жалпы отырысын ашқан мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпустың атынан Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.
"Баршаңызға белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде. Соның ішінде, мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды", – деді палата спикері.
Нұрлан Нығматулин кешеден бастап бір топ депутаттың халықпен кездесуі үшін Арыс қаласына жол жүріп кеткенін хабарлады