Депутаттар әскерилердің бітімгершілік дайындығымен танысты

565

Депутаттар әскерилердің бітімгершілік дайындығымен танысты

Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері қарулы күштердің Алматы қаласындағы бірқатар әскери нысанын аралап қайтты, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Депутаттар әскерилердің тіл және бітімгершілік дайындықтан өтіп жатқан "Бейбітшілік үшін серіктестік" оқу-жаттығу орталығына барды. Орталықта "Бітімгершілік қызмет туралы" заңның іске асырылуы төңірегінде отырыс өтті.

Мәжілісмендер ҚАЗЦЕНТ-тің, әскери медицина, минасыздандыру орталықтарының, оқу-материалдық базасы және техникалық жабдықталуымен, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметімен танысты. Әскерилердің ағылшын тілін қарқынды оқып-үйренуі бойынша сабақтарда болып қайтты.

Жұмыс сапары барысында депутаттар "ҚАЗБРИГ" бітімгершілік бригадасына және 61993 әскери бөлімінің "Іле" оқу-жаттығу орталығына барды. Олар бітімгершілік бригаданың қару-жарағын, әскери техникасы мен керек-жарағын бағалай алды. Бригаданың жеке құрамы іс жүзінде бітімгершілік дайындық бойынша тапсырмалардың орындалуын паш етті. Оның ішінде, патрульдеу, ізгілік жүктерді айдауылдау, бақылау-өткізу пункттері мен блокбекеттерде тексеру мәселелері пысықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу