Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды сұрады

1332

Олардың сөзінше, АӘК-ге үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналар жүздеген сынақтан өтеді.

Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды сұрады Фото: Baribar.kz

"Қазақстан Халық партиясы" фракциясының мүшелері көпбалалы әрі толық емес отбасынан шыққан әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұрап отыр.

Мәжілісмендер ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке тиісті сауал жолдаған.

"Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан салын суға жібереді. АӘК-ті алып тастау ең  жақсы шешім болмақ. Бұл жағдайда балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеген дұрыс. Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде  әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз", деді депутаттар.

Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады, деді олар. 

"Қазіргі таңда 4 бала 55 340 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл – әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы, халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген", - деп атап өтті "Қазақстан Халық партиясының" фракциясының мүшелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу