Мәжілісмендер кәсіпкерлерді тексеруге мораторийді тағы бір жыл ұзарту қажет деп есептейді. президенттің жарлығымен үш жылға созылған мораторий биыл аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Депутат Садықовтың пайымынша, мемлекеттік қолдау шаралары, тіпті мораторий шағын және микробизнеске ғана бағытталған. Ал өндірістің 20 пайызынан тұратын орта кәсіпкерлікке ондай жеңілдік жоқ. "Сондықтан табысы жақсы шағын бизнес орта бизнеске өткісі келмейді",- деді.
"Осыған байланысты "Ақ жол" депутатар фракциясы кәсіпкерлерді тексеру мораториін 2024 жылы да жалғастыруды ұсынады. Оған қоса, мораториді мақсатты түрде орта бизнеске де бағыттау қажет деп санаймыз", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов.