Депутаттар бронды дөңгелекті техника шығаратын зауыттың жұмысымен танысты

800

 Депутаттар бронды дөңгелекті техника шығаратын зауыттың жұмысымен танысты

ҚР парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев және ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев броньды дөңгелекті техника шығаратын "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС қызметімен танысты.

Компанияның бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарды зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырып, кәсіпорынның одан әрі дамуы мақсатындағы жоспарларымен бөлісті.    

М.Әшімбаев ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешенін қолдау және дамытуға аса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Ал, өз кезегінде Б. Ертаев зауыттың жабдықталу деңгейі мен зауыт шығарып отырған броньды техникалардың сапасына жоғары баға берді.

Айта кетейік,  "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС Орталық Азиядағы минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар MRAP үлгісіндегі заманауи броньды дөңгелекті машина өндіретін алғашқы зауыт. Кәсіпорын "Арлан" БДМ, "Номад" БДМ және "6х6", "8х8" дөңгелекті формуласындағы "Барыс" БТР сияқты броньды техниканы шығарады. Аталған машиналар өз классындағы әлемдегі ең үздік болып саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу