Бұл туралы Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов өзінің желідегі ресми парақшасында мәлім етті.
"Екібастұздағы төтенше жағдай күллі қазақстандықтарды алаңдатуда.
Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше "AMANAT" фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты.
Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді", – деп жазды мәжіліс спикері.