Депутаттар: Халықтың кредиті кешірілуі керек

862

Atameken Business телеарнасының "Шыны керек" бағдарламасында халықтың несиесін кешіру мәселесі талқыланды.  

Депутаттар: Халықтың кредиті кешірілуі керек

Бүгін Мәжіліс қабырғасында өткен жалпы отырыста  кредиттік рақымшылық жайында ұсыныс айтылыпты. Сөз бастап, осындай пікір айтқан депутат Айқын Қоңыров. Оның айтуынша, пандемия кезінде  карантиндік шектеу қажет болды. Аты жаман індеттің таралу жолы кесілді. Десе де  кез-келген нәрсенің екі жағы болары анық. Бұл шектеулер  кәсіпке де, халыққа да оңай болған жоқ. Әсіресе, екінші деңгейлі банк алдындағы халықтың қарызын өтеуі өзекті мәселеге айналды. Сондықтан да кредиттік рақымшылық ауадай қажет екенін атапты.  Депутат бұл іске қаржыны қайдан алуға болатынын да атапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу