Депутаттар киіктерді қорғайтын жаңа заң әзірлеуді ұсынды. Себебі "Жануарларды қорғау туралы" қолданыстағы заң ескірген.
Сенатор Әлімжан Құртаевтің айтуынша, заңсыз аңшылар мүйіздерді жинап, оларды шетелге сату жолдарын жүйелеп қойған. Сондай-ақ, мұндай қылмыстарды тергеу амалдары дәлелдемелердің жоқтығынан тоқтап қалатын көрінеді. Бұған қоса, браконьерлер құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен олжасымен бөлісіп, жауапкершіліктен құтылып кеткен оқиғалары кездесіп жатады. Сенатор осындай полицияларды жазалайтын жаңа бапты да қабылдауды ұсынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу