Депутаттар көлікті тоқтатып, қызғалдақтарды аралай жөнелді

1806

Суармалы жерлерді пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылауға Түркістан облысына барған мәжілісмендер қызғалдақтан қызыл кілем жамылған Арыс даласын көргенде таң қалды.

Депутаттар көлікті тоқтатып, қызғалдақтарды аралай жөнелді

Депутаттар күре жолдың бойына көлікті тоқтатып, "қызыл кілемге" "аунап-қунап" алды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мұндай көрініс әсіресе солтүстікқазақстандықтар үшін таңсық

"Керемет. Ия, маған қатты әсер берді. Кең байтақ даламыздың мына кереметі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Солтүстік Қазақстанда әзірге салқын. Біздің өңір дәнді дақылдар, мал шаруашылығы, жем қорын жасауға бейім. Сіздерде қарқынды бау, жылыжай, көкөніс, бақша өнімдерімен айналысуға барлық мүмкіндік бар",– дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Сергей Звольский.

Табиғаттың сұлулығына тәнті болған халық қалаулылары асығып тұрғандарын да ұмытып, селфилете жөнелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу