Депутаттар Конституцияға түзету енгізу бойынша ұсыныс жасады

810

Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) Парламенттегі фракциясы Конституциясына түзету енгізу бойынша ұсыныс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Депутаттар Конституцияға түзету енгізу бойынша ұсыныс жасады

Фракция мүшелері жер, оның қойнауы мен байлығы қазақстандықтарға халқына тиесілі болуы, зейнет жасы төмендетілуге, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі нормалар мен Үкіметтің Парламентке есеп беруі заң бойынша бекітілуі тиіс деп санайды. 

"Әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды өндіруден кіріс алуға және оны иеленуге конституциялық құқы бар", – дейді партия мүшелері. 

Сондай-ақ олар мемлекеттің әйелдердің зейнет жасын өсіруге қатысты шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін қысқарту, әрі науқас, мүгедек және асыраушысынан айырылған азаматтарға ең төменгі әлеуметтік көмекті қамтамасыз етуге кепілдік беру бастамасын көтерді. 

Депутаттар мемлекет жыл сайын зейнетақыны, шәкіртақыны және әлеуметтік жәрдемақыны өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуге міндетті болуы керек деп есептейді. 

"Бұл шығындар басым сипатқа ие болуы және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауы тиіс", – деді Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров. 

Тағы бір ұсыныс шығындарды немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды көздейтін заң жобаларын қабылданғанда Үкіметтің міндетті оң шешімі туралы норманы алып тастауға қатысты болды. 

"Мұндай норманың күшін жою Парламент пен партияларды күшейтуге жасалған елеулі қадам. Сондай-ақ министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі тиіс. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуі керек", – дейді ҚХП депутаттары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу