Депутаттар коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды ұсынды

853

Вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыру қажет.  

Депутаттар коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды ұсынды

Осылай деп бастама көтерген депутаттар бүгін Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізде болса, ведомствоаралық комиссия 20-шы қазанда өтемақы беруді тоқтатқан еді. Қазір қолдау шаралары тек кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар есебінен жүргізіледі. Алайда аталған бюджеттердің төлем төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Осыған байланысты депутаттар мәселені қайта қарауды сұрады. Әйтпесе, азаматтардың өміріне араша түсетін дәрігерлер қалмай қалуы мүмкін екенін айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу