Атқарушы биліктің бұл шешімінен логика таппаған депутаттар білім ошақтарын карантинге жабуға қарсы шықты, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы Елорда, Алматы мен Шымкент қалаларындағы мектептерді тұтас қашықтан оқуға көшіру қисынсыз деп санайды.
Ирина Смирнованың сөзінше, оқу орындарының үздіксіз жұмысы балалардың білімі, әлеуметтік өмірі мен психологиялық денсаулығы үшін аса қажет.
"Мектептер ең соңғы кезекте жабылып, ең бірінші болып ашылуы шарт", – деді мәжілісмен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу