Депутаттар мен әскери қызметшілердің жалақысын көтермек

1047

Депутаттар мен әскери қызметшілердің жалақысын көтермек

Депутаттардың, әскери қызметшілердің және ішкі істер қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 33,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді деп хабарлайды 7kun.kz.

Бақыт Сұлтановтың cөзінше, бюджет кірістері 60,8 млрд теңгеге артық болғаны байқалады. Сонымен қатар, кірістердің жалпы өсімі 195,3 млрд теңгені құрайды. Оның 134,5 млрд теңгесі экспортқа бағдарланған кәсіпорындар бойынша қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару үшін қолданылады.

2017 жылғы нақтыланған бюджет көлемі 3661,5 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 18,7% құрайды, оның ішінде: мұнай емес түсімдер — 4 497,2 млрд теңге, мұнай табысы — 5194,2 млрд теңге. Бюджеттік шығыстар 2017 жылы 11 191,5 млрд теңгені құрады.

Үкімет 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу