Депутаттар пошта байланысы нарығын дамытуды көздейтін құжатты жұмысқа алды

159

Енді олар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді. 

Депутаттар пошта байланысы нарығын дамытуды көздейтін құжатты жұмысқа алды Фото: қазпошта

Мәжіліс депутаттары "Пошта туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Заң жобасы пошта байланысы нарығын дамытуға, PIN-кодтың көмегімен құқықтарды растау арқылы пошта жөнелтілімдердің үшінші тұлғаларға тапсыру рәсімін жетілдіруге, мекен-жайы жоқ, мекен-жайы белгісіз немесе бүлінген, сондай-ақ адресаттың бас тартуына байланысты берілмеген пошта жөнелтілімдерін сақтау және жою ережелерін өзгертуге, пошта обьектілерін орналастыру мәселелерін реттеуге бағытталған", - деді депутат, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов.

Енді депутаттар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу